Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясы Премьер-Лига командаларының жаңа маусымға арналған ойын кестесін жасауда жасанды интеллект (AI) технологиясын қолдануды жоспарлап отыр.
Күнтізбені қалыптастыру кезінде бір ғана “бос күндер” емес, бірнеше маңызды шарт қатар назарға алынбақ. Атап айтқанда:
Ақпаратқа сәйкес, ҚФФ клубтарға күнтізбенің жұмыс нұсқасын жолдап, оны ортақ талқылауға ұсынбақ. Яғни командалар ұсыныс айтып, кестедегі кей тұстарды нақтылау мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда жаңа футбол маусымы 28 ақпанда басталады. Сол күні Суперкубокта Алматының «Қайрат» клубы мен Қостанайдың «Тобыл» командасы кездеседі.
Ал Премьер-Лиганың алғашқы туры 7–8 наурызға жоспарланған.