Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Челси" жаңа бас бапкерімен келісімшартқа отырды

Сарапшы, спорт журналисі

Лондондық "Челси" 41 жастағы ағылшын маманы Лиам Розеньордың команда бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады. 

"Челси" жаңа бас бапкерімен келісімшартқа отырды
Instagram/@chelseafc

Розеньор кімнің орнына келді?

Розеньор қызметінен кеткен Энцо Маресканың орнына келді.

Жаңа бапкер "Челсидің" жеңімпаздық рухын сақтап, әр ойында сол болмысқа сай команда құруды мақсат ететінін айтты. Сондай-ақ ұжымдық жұмыс, бірлік және ортақ жауапкершілік оның басты қағидалары болатынын жеткізді.

Бұған дейін қай клубты жаттықтырды?

Розеньор соңғы уақытта Францияның "Страсбур" клубын басқарды. Бірінші маусымында командаға 19 жылдан кейін алғаш рет еурокубок жолдамасын алып берді. 

Сонымен бірге «Страсбур» Конференция лигасының ағымдағы маусымындағы жалпы кезеңде жоғары нәтиже көрсетті. 

Қазір "Челси" АПЛ кестесінің үздік бестігіне жақын жүр. Команданың келесі ойыны — "Фулхэмге" қарсы сырт алаңдағы матч. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір