Ғалымжан Кенжебек ресми түрде РПЛ клубына қосылды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" клубымен келісімшартқа қол қойды.
"Ахматтың" ресми мәлімдемесі: келісім 4,5 жылға
Грозныйлық ұжым ойыншының трансферін клубтың телеграм-арнасында ресми түрде жариялады. Мәліметке сәйкес, Кенжебек медициналық тексерістен өтіп, сенбі күні 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойған.
Клуб дерегінде ойыншының позициясы мен жеке мәліметтері де көрсетілген:
- Позициясы: шабуылға бейім жартылай қорғаушы
- Туған күні: 12.02.2003
- Бойы: 177 см
- Салмағы: 79 кг
Кенжебектің соңғы клубы және ҚПЛ-дегі статистикасы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубынан семейлік "Елімайға" ауысқан.
ҚПЛ-дегі жарты маусым ішінде оның көрсеткіші мынадай:
- 11 матч
- 6 гол
- 4 нәтижелі пас
Қазақстан құрамасындағы көрсеткіші
Ұлттық құрама сапында Кенжебек 9 матч өткізді. Үш гол соғып, бір ассист жасады.
"Ахматтың" турнирлік жағдайы және қазақстандық легионерлер
РПЛ-дың 18-туры аяқталғаннан кейін "Ахмат" 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орында тұр.
Айта кетейік, грозныйлық командада Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов та өнер көрсетеді. Ал бас бапкері — Станислав Черчесов. Кенжебек дәл осы маманның тұсында ұлттық құрамада дебют жасаған.