Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық олигархтың командасы Еуропаның белді клубымен ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі

Қарағандылық "Шахтёр" Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы бақылау матчтарының қарсыластарын жариялады.

Қазақстандық олигархтың командасы Еуропаның белді клубымен ойнайды
instagram/@shakhterfc

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны: қашан және қайда өтеді?

Қарағандылық команданың Түркияның Анталья қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 9 қаңтарда басталып, 22 қаңтарға дейін жалғасады. Осы аралықта ұжым бірнеше спарринг өткізеді.

Дмитрий Огайдың шәкірттері 18 қаңтарда Венгрияның "Гонвед" ұжымымен күш сынасады. 

Бұл клуб 1950-жылдардағы Венгрия құрамасының әйгілі "Алтын құрамына" негіз болған команда ретінде тарихта қалған.

Ал 22 қаңтарда Косово елінің "Фероникели" елубы қарсылас болады. 

Клуб өз елінде үш дүркін чемпион, сондай-ақ екі мәрте Кубок иегері атанған.

Өткен маусым: ҚПЛ жолдамасы бұйырмады

Айта кетейік, өткен маусымда "Шахтёр" Бірінші лигада 50 ұпай жинап, төртінші орын алды. Бұл нәтиже клубқа ҚПЛ-ға тікелей жолдама алуға мүмкіндік берген жоқ.

Қарашаның соңында Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған "Шахтёр" ресми түрде миллиардер Тимур Турловтың иелігіне өтті. Осылайша, қарағандылық ұжым ҚПЛ-дан тыс болса да, жекешелендіру толқынына іліккен санаулы командалардың бірі атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір