Қазақстан құрамасының капитаны Түркия чемпионатына ауысудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Санкт-петербургтік "Зенит" клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қай чемпионатта өнер көрсеткісі келетінін айтып, неге Түркия Суперлигасына ауысқысы келмейтінін түсіндірді.

Қазақстан құрамасының капитаны Түркия чемпионатына ауысудан бас тартты
Нұралы Әліп. Фото: ҚФФ

Футболшының айтуынша, болашақта ағылшын тілінде сөйлейтін елдің чемпионатына ауысқысы келеді.

"Жақсы чемпионатқа, ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға барған дұрыс деп ойлаймын. Түркияға ауысу маған қиын. Бахтияр Түркияда "Бешикташ" сияқты топ-клубта да өнер көрсетті. Бірақ мен Түркияға емес, Еуропаның мықты біріншіліктерінің біріне ауысқым келеді. Дегенмен бәрі менің қолымда емес. Аршавин де ұлттық құрамадағы ойын көп нәрсені шешеді деп айтады. Құрамада қалай ойнасам, соған қарай ұсыныстар да болады. Егер чемпионат жақсы болса, міндетті түрде барамын", – деді Нұралы Әліп.

Еске салайық, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері "Зенит" сапында өнер көрсетіп келеді. Ол петербургтік клубқа алматылық "Қайраттан" ауысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір