Коул Палмер "Манчестер Юнайтедке" ауысуға дайын

Сарапшы, спорт журналисі

23 жастағы футболшы осы маусымда мансабындағы ең қиын кезеңін өткеріп жатыр. 

Коул Палмер "Манчестер Юнайтедке" ауысуға дайын
Sports24.kz

Қазіргі жағдайы қандай?

Палмер "Челси" сапында үшінші маусымын өткізіп жатыр. Ол лондондық клубқа "Манчестер Ситиден" 42,5 миллион фунт стерлингке ауысқан болатын. Алайда бұл маусым 23 жастағы футболшы үшін ең қиын кезеңдердің біріне айналды. Денсаулығына байланысты Палмер "Челсидің" негізгі құрамына небәрі 11 рет ғана шықты.

The Sun басылымының эксклюзивті ақпаратына сәйкес, Коул Палмер туған қаласы Манчестерді қатты сағынып жүр. Дереккөздің мәліметінше, Палмер бала кезінде қолдаған "Манчестер Юнайтедтің" тарапынан қызығушылық болса, оны қуана қарсы алар еді.

Ал "Манчестер Ситиге" оралу мүмкіндігінен футболшы түбегейлі бас тартып отыр. Бұған басты себеп — бас бапкер Хосеп Гвардиоламен арадағы қарым-қатынас. 

Келісімшарт пен бәсеке

Палмердің "Челсимен" келісімшарты 2033 жылға дейін жарамды. Сонымен қатар "Манчестер Юнайтед" сапында Коулдың позициясында ойнай алатын бірнеше футболшы бар — Амад Диалло, Бриан Мбемо және Матеус Кунья.

Десе де, алдағы жазда "Юнайтед" клубының капитаны Бруну Фернандеш командадан кетуі мүмкін деген қауесет бар. Егер португалиялық футболшы Манчестерден кетсе, Коул Палмердің трансфері жүзеге асуы әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір