Қазақстан құрамасының бас бапкері ресми түрде тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманы Талғат Байсұфиновтің бас бапкер ретінде басқаратынын ресми хабарлады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері ресми түрде тағайындалды
NUR.kz

Талғат Байсұфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді:

  • Қазақстан — Лихтенштейн: 4:0
  • Солтүстік Македония — Қазақстан: 1:1
  • Қазақстан — Бельгия: 1:1

Ал 2025 жылдың соңғы ойынында ұлттық құрама жолдастық кездесуде Фарер аралдарына 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Байсұфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.

Талғат Байсұфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары “Есіл-Богатырь” (Петропавл), “Ақсу”, “Ертіс” (Павлодар), “Ақжайық” (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.

Футболшы мансабында “Ертіс”, “Металлург”, “Еңбек”, “Экибастузец”, “Жетісу” және “Восток” клубтарында ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір