ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Ақтөбе" еуропалық клубпен ойында жеңілістен құтылды

Қазақстанның бес дүркін чемпионы "Ақтөбе" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы үшінші бақылау матчында Черногорияның "Морнар" клубымен тең түсті. 

"Ақтөбе" еуропалық клубпен ойында жеңілістен құтылды
Instagram/@fcaktobe_official

Матч қалай өтті?

Ойын барысында ақтөбеліктер есепте артта қалып, кездесудің соңғы бөлігінде қарқынын үдетті. Нәтижесінде 79-минутта клуб тәрбиеленушісі Мейрам Киікбаев мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестірді.

Бас бапкер Николай Костов бұл ойында алаңға мына негізгі құрамды шығарды: Заруцкий, Қайыров, Ордец, Досмағамбетов, Кусяпов, Корзун, Жуков, Пасторица, Желькович, Coca, Шушеначев.

Қарсылас туралы: "Морнар" кім?

"Морнар" — Черногорияның Бар қаласының командасы. Клуб елдің ең жоғары дивизионы саналатын Черногория Бірінші лигасында өнер көрсетеді. Бұған дейін 2010/2011 маусымында төменгі лигаға түсіп қалып, 2011/2012 маусымында қайта оралған. Қазіргі чемпионатта 19 турдан кейін екінші орында тұр.

Өткен маусым қорытындысында "Ақтөбе" 43 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Осылайша команда келесі маусымдағы еурокубок жолдамасынан тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.