Аргентина құрамасының көшбасшысы әрі АҚШ-тағы "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси каталондық "Барселонаға" қайта оралу тақырыбын күн тәртібінен алып тастаған жоқ.
Дереккөз мәліметінше, Месси “Барселонадағы” президенттік сайлауға байланысты процестерге тікелей араласуды қаламайды. Ол 15 наурыз 2026 жылы өтетін сайлауда қандай да бір кандидатқа жария түрде қолдау білдіруден саналы түрде бас тартып, ішкі саяси тартысқа араласпауға ниетті.
Бұл ұстанымның басты себебі — клуб ішіндегі пікірталастар мен текетірестерге “араласып кетпеу”. Бірақ бұл оның “Барсаға” қайту ықтималдығын біржола жоққа шығарады деген сөз емес.
Marca келтірген ақпаратқа сай Месси “Барселонаға” қайта келу нұсқасын 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ғана байыппен талқылауға дайын. Яғни, жақын уақытта ол қазіргі кезеңге толық назар аударып, болашаққа қатысты міндеттемелер алуға асықпайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы ӘЧ 11 маусым – 19 шілде аралығында өтеді.
Лионель Месси “Барселона” сапында 2003–2021 жылдары өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең ірі символдардың біріне айналды. Осы кезеңде ол:
Месси 2021 жылы “Барселонадан” кетіп, алдымен ПСЖ сапында ойнады, ал 2023 жылдың жазынан бері “Интер Майами” жейдесінде өнер көрсетіп келеді.