Бапкермен жанжалдасқан "Қайрат" жұлдызы клубтан кетті

Сарапшы, спорт журналисі

Журналист Владимир Изотовтың мәліметінше, жартылай қорғаушының клубпен қоштасуына бас бапкер Рафаэль Уразбахтинмен болған кикілжің себеп болған. 

Бапкермен жанжалдасқан "Қайрат" жұлдызы клубтан кетті
Vesti.kz

Алматылық "Қайрат" клубының көшбасшыларының бірі Валерий Громыко командадан кетті. Журналист Владимир Изотовтың мәліметінше, жартылай қорғаушының клубпен қоштасуына бас бапкер Рафаэль Оразбахтинмен болған жанжал себеп. 

Қолда бар дерекке сәйкес, тараптардың арақатынасы "Қайраттың" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққанынан кейін ушыққан. Содан кейін команда ішіндегі атмосфера өзгеріп, бұл жағдай Громыконың кетуіне түрткі болған. 

"Валерий Громыконың “Қайраттан” кетуіне Рафаэль Оразбахтинмен болған кикілжің себеп болды. Команда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққаннан кейін бапкердің мінез-құлқы мен ойыншылармен қарым-қатынас стилі айтарлықтай өзгерді. Ақыры ойыншымен арадағы байланыстың үзілуіне алып келді", – деп жазды Владимир Изотов. 

Изотов сондай-ақ, бапкердің соңғы әрекеттеріне де назар аударды.

"Енді пабликтердің Рафиктің еш кінәсі жоқ екенін дәлелдеуге қалай жүгіретінін қызыға күтемін. Айтпақшы, соңғы кезде оның ойыншыларға боқтық сөз айтуы да содан шығар. Ал БАҚ-та мұны “қатал мотивация” деп түсіндіріп жүр", – деп қосты журналист.

Валерий Громыконың ауысуы қысқы трансферлік кезеңде көп талқыланды. Ол "Қайраттан" Қазақстанның екі дүркін чемпионы және Суперкубок иегері мәртебесінде кетті. Сондай-ақ жартылай қорғаушы жуырда Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өткен Чемпиондар лигасының матчында "Арсеналға" қарсы ойында нәтижелі пас берген болатын.

Бұған дейін бірқатар көшбасшы ойыншының шешіміне клубтың қаржылық саясатының өзгеруі де әсер еткені хабарланған. Атап айтқанда, "Қайрат" сыйақы көлемін қысқартып, негізгі ресурсты клуб академиясының құрылысына бағыттауды көздеген.

Валерий Громыко Қазақстан Премьер-лигасында "Қайсар" және "Қайрат" клубтарының намысын қорғады.

Ойыншының көрсеткіштері:

  • "Қайрат" – 57 матч, 7 гол, 15 нәтижелі пас
  • "Қайсар" – 11 матч, 5 гол

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионы (2024, 2025)
  • Қазақстан Суперкубогының иегері (2025)

Жаңа клубта Валерий Громыко Беларусь құрамасындағы әріптестерімен қайта қауышады. "Макслайн" клубының басшылығы команда алдына тек ішкі біріншілікте емес, еурокубок жолдамасы үшін де күресу міндетін қойып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір