Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" жейдесінде тағы да көзге түсіп, оқу-жаттығу жиынындағы матчта әсерлі гол авторы атанды.
"Ахмат" Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан үшінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы кездесуде Өзбекстанның АГМК командасымен ойнады. Дәл осы матчта Кенжебек қарсылас қақпасына керемет гол енгізді.
Эпизодта қазақстандық вингердің өзіне тән стилі анық байқалады. Сол қанаттан ішке қарай орталыққа ығысып, алыстағы бұрышты дәл көздеп соққы жасайды. Нәтижесінде ол матчтағы есепті теңестірді.
Жолдастық матч 3:2 есебімен грозныйлықтардың жеңісімен аяқталды.
Ғалымжан Кенжебек 10 қаңтарда ресми түрде "Ахмат" сапына қосылды.
Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол Қазақстан құрамасындағы ең нәтижелі футболшы атанды: