ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Нани бастаған "Ақтөбе" РПЛ аутсайдеріне ойсырай ұтылды

"Қызыл-ақтар" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда.

Нани бастаған "Ақтөбе" РПЛ аутсайдеріне ойсырай ұтылды
Ақтөбе ФК

Белекте (Түркия) "Ақтөбе" мен ресейлік "Сочи" клубы арасында жолдастық матч өтті.

Ойын қалай өтті?

Кездесу ресейліктердің 3:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Есеп жетінші минутта Михаил Игнатовтың голынан кейін ашылды. 35-минутта Антон Зиньковскийдің дәл соққысы "Сочидің" басымдығын еселей түсті. Ал 80-минутта Игнатов дубль авторы атанып, "Ақтөбе" қақпасына үшінші допты енгізді.

"Ақтөбенің" жұлдызды жаңа ойыншысы, португалиялық Нани алаңға матчтың екінші таймында шықты.

18 турдан кейін "Сочи" Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы, 16-орында тұр. Ал "Ақтөбе" өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасын бесінші орынмен аяқтаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.