ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ислам Чесноков Шотландияда алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Ислам Чесноков Шотландияда алғашқы голын соқты (ВИДЕО)
instagram/@heartsofmidlothianfc

"Хартс" – "Фалкирк" матчындағы гол

Чесноков Шотландия чемпионатының 28-турында "Фалкиркке" қарсы матчтың 45-минутта мергендік танытты. Оған нәтижелі пасты грек вингері Александрос Кизиридис берді. 

Аталған кездесу Ислам Чесноковтың трансферден кейін "Хартс" сапындағы үшінші ойын болды.

Ол клубтағы дебютін 17 қаңтарда Шотландия Кубогында дәл осы "Фалкиркке" қарсы өткізген. Сол ойын негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында "Хартс" ұтылып қалды. 

Шотландия Премьер-лигасында қазақстандық футболшы бұған дейін "Хайбернианға" қарсы ойында (1:0) және "Рейнджерске" қарсы (2:4) алаңға шыққан.

Трансфер қашан болды?

Ислам Чесноков "Хартсқа" 2026 жылдың 6 қаңтарында ресми түрде ауысты. Келісімшарт мерзімі — 2,5 жыл, яғни 2028 жылдың жазына дейін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.