Қазір бұл қызметті Қайрат Әшірбеков атқарып жүр. Десе де, әзірге клуб тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубын кадрлық ауыс-түйіс күтіп тұр. Дәлірек айтқанда, спорт директоры қызметінен кетуінен мүмкін. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.
Дереккөздердің мәліметінше, клубтың жаңа басшылығы қазіргі спорт директоры Қайрат Әшірбековтің орнына өзге үміткерді тағайындау мәселесін талқылап жатыр.
Айта кетейік, Әшірбеков соңғы бір жыл ішінде бұл қызметке екі рет тағайындалған.
Ықтимал кандидаттардың қатарында Ғани Қайназаровтың есімі аталып отыр. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарған.
Әзірге клуб тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Соңғы шешім алдағы уақытта қабылдануы мүмкін.
Еске салайық, жуырда "Ордабасы" клубы "Integra Construction KZ" ЖШС басқаруына өткен болатын. Осыдан кейін команда құрылымында қайта құру жұмыстары басталып, спорттық стратегияға түзетулер енгізіле бастады.