Ұшақ, қонақүй, логистика — бәрі күйреді ме? ҚПЛ-да дау күшейді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-Лигасының бірқатар клуб басшылары 2026 жылғы маусым басталар тұста толыққанды күнтізбенің жарияланбауына байланысты наразылық білдірді.

Ұшақ, қонақүй, логистика — бәрі күйреді ме? ҚПЛ-да дау күшейді
NUR.kz

Наразылықтың басты себебі — толық күнтізбе жоқ

Мәліметке сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жарыстарды ұйымдастыру дирекциясы клубтарға тек алғашқы үш турдың мәліметін ресми түрде ұсынған. Ал 2026 маусымына арналған регламент (чемпионат пен кубок ережелері) лига сайтында жарияланбаған.

Сондай-ақ дирекцияның ресми ресурсы 2026 жылдың басынан бері жаңартылмағаны назарға алынған.

Бұған дейін 2026 маусымының күнтізбесі жасанды интеллект көмегімен жасалатыны жөнінде ақпарат тараған. Жоспарға сай жүйе бірнеше факторды ескеруге тиіс:

  • стадиондар мен инфрақұрылымның қолжетімділігі
  • ауа райы жағдайы
  • принципті ойындардың мәртебесі (дерби, бәсекелестік)
  • логистика және ұшу/жол бағыты
  • басқа да ұйымдастыру нюанстары

Клубтар неге күнтізбені ертерек сұрап отыр?

ҚПЛ клубтары маусым кестесін алдын ала білу қаржылық жоспарлау үшін өте маңызды екенін алға тартады. Әсіресе тасымал шығындары (ұшақ/автобус/жол), қонақүй бағасы және броньдау, оқу-жаттығу жиындары мен дайындық жоспары. Сондықтан командалар күнтізбемен мүмкіндігінше ертерек танысу қажет деп есептейді.

Еске салайық, Қазақстандағы футбол маусымы 28 ақпанда ресми түрде ашылады. “Астана Арена” стадионында Суперкубок үшін “Қайрат” пен “Тобыл” кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір