Аңызға айналған футболшы әрі бапкер Зинедин Зидан 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталған соң Франция құрамасының бас бапкері қызметіне келуге жақын.
Инсайдер Фабрицио Романо таратқан мәліметке сәйкес, 53 жастағы француз маманы ұлттық құраманы тізгіндеу бойынша ауызша келісімге келген. Ал Зиданның қызметке ресми кірісуі 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жоспарланып отыр.
Қазір “үш жолақтыларды” жаттықтыратын Дидье Дешам әлем біріншілігінен соң қызметінен кететінін айтқан. Франция футбол федерациясы әзірге ресми мәлімдеме жасамағанымен тараптар келіссөздің соңғы кезеңіне жақындап, жария ету үшін қолайлы уақытты күтуде.
Зидан 2021 жылдан бері бас бапкер ретінде жұмыс істеген жоқ. Дәл сол жылы “Реал Мадридтен” кеткен. Соған қарамастан соңғы жылдары оның есімі тұрақты түрде Франция құрамасындағы мүмкін тағайындаумен байланыстырылып келді.
Зидан ойыншы кезінде Франциямен бірге 1998 жылғы әлем чемпионы және 2000 жылғы Еуропа чемпионы атанды.
Бапкерлік мансабында Зидан “Реалдың” тізгінінде: