Ұлттық құрама командасы әлем чемпионаты қарсаңында бас бапкерсіз қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Дик Адвокаат Кюрасао құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл шешім команда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына тарихи жолдама алғаннан кейін белгілі болды.

Ұлттық құрама командасы әлем чемпионаты қарсаңында бас бапкерсіз қалды
mundodeportivo.com

Адвокаат неліктен қызметінен кетті?

Құрама таратқан ресми мәлімдемеде нидерландиялық маманның отставкасына отбасылық жағдай себеп болғаны айтылған. Мәлімдемеге сәйкес, Адвокаат қызының денсаулығына байланысты барлық уақытын отбасына арнауды жөн көрген.

Кюрасао құрамасының жаңа тізгінін Фред Рюттен ұстайды. Құрама басшылығы оның Адвокааттың орнына тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

Адвокаттың тарихи жетістігі

78 жастағы Дик Адвокаат Кюрасао құрамасын 2024 жылдан бері жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты. 2026 жылы өтетін мундиальға жолдама алып, ел футболының ең үлкен жетістігін тіркеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты жазда АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Кюрасаоның ерекше рекорды

Кюрасао әлем чемпионатына жолдама алған халқы ең аз ел ретінде де ерекшеленді. КОНКАКАФ іріктеуіндегі шешуші сәттердің бірі — былтыр қарашада Ямайкамен өткен матчтағы 0:0 есебімен аяқталған тең ойын болды. Дәл осы нәтиже командаға мундиальға жол ашып, Кюрасаоның атын әлемдік футбол тарихына енгізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір