ҚПЛ-дегі ең қымбат трансферлер. Көш басында кім?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футболы соңғы жылдары қаржылық және трансферлік белсенділік тұрғысынан жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Әсіресе, отандық ойыншылардың шетелдік клубтарға ауысуы олардың нарықтағы құнын арттырып отыр.

ҚПЛ-дегі ең қымбат трансферлер. Көш басында кім?
Фото: ҚФФ

Ең қымбат топ-5 трансфер

Transfermarkt порталының  мәліметіне сәйкес, ең қымбат қазақстандық трансферлер тізімінде бірқатар танымал есім бар. Рейтинг көшін бастайтын Бақтиёр Зайнутдинов. 2023 жылы “ЦСКА” клубынан түркиялық “Бешикташқа”  трансфері 4,5 миллион еуроны құрайды. Қазір футболшы “Динамо Москва” клубында өнер көрсетеді, нарықтағы құны 2,5 млн еуро.

Фото: Vesti.kz

Дастан Сәтпаев.17 жасар “Қайраттың” жұлдызды шабуылшысының лондондық “Челсиға” трансфері 2,4 млн еуроға жуық. Жас талантты футбол порталы 3 млн еуроға бағалайды.

Фото: 1bol.kz

Нұралы Әліп. 2023 жылы “Қайраттан” ресейлік “Зенит” клубына қосылуы 2 млн еуроға бағаланады. Қазіргі  қорғаушының нарықтық құны трансферден асып 2,5 млн еуроны құрайды.

Фото: sportarena.kz

Максим Самородов 2024 жылы “Ақтөбеден” ресейлік “Ахмат” клубына ауысты. Келісімшарты 1 млн еуроға есептелген. Шабуылшы нарықтағы құны 2,5 млн еуроға бағаланады.

Георгий Жуков .“Урал” клубынан 2017 жылы “Қайрат” құрамына 1 млн еуроға қосылды. Қазір жартылай қорғаушы “Ақтөбе” сапында ойнайды, нарықтық құны 400 мың еуро шамасында.

Қазақстанға келген ең ірі трансферлер

Шетелдік ойыншылардың Қазақстан клубтарына келуі де трансферлік нарықтағы маңызды көрсеткіштердің бірі. ҚПЛ клубтарына ауысып келген ойыншылар қатарын кипрлік шабуылшы Пьерос Сотириу бастайды. Ол 2020 жылы “Копенгаген” клубынан елордалық  “Астанаға” 5 млн еуроға трансфер жасаған.

  • Давид Абагна. Ганалық футболшы биыл наурызда “АПОЭЛЬ Никосия” клубынан  “Ордабасы” сапына 600 мың еуроға өтті.
  • Ислам Машуков. 2024 жылы ресейлік “Алания” командасынан  “Елімай” клубына 320 мың еуроға қосылды. Қазір “Нефтехимик” клубында ойнайды.
  • Ойва Юккола. Финляндиялық ойыншы 2026 жылдың басында “Ильвес” клубынан алматылық “Қайратқа” құрамын толықтырды. Трансфер құны- 250 мың еуро.

Қазақстан футболындағы трансферлік көрсеткіштер әзірге Еуропаның жетекші лигаларымен салыстыруға келмегенімен, отандық ойыншыларға сұраныс артып келе жатқанын көрсетеді.