Бүгін Қазақстан құрамасы Данияға қарсы алаңға шығады
Матч Данияның Хельсингёр қаласында өтеді. Әзірге екі құраманың еншісінде бір ұпайдан.
Бүгін, 28 наурыз күні, Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеу турнирінде Данияға қарсы алаңға шығады.
Матч қашан және қайда өтеді?
- Данияның Хельсингёр қаласында өтеді.
- Басталуы — Астана уақытымен 21:00.
Іріктеудің бірінші турында Қазақстан құрамасы күтпеген нәтиже көрсетті. Австриямен тең ойнады. Есеп - 0:0.
Айта кетейік, матчтың 51-минутында Расул Акимов екінші сары қағаз алып, команда он ойыншымен ойнауға мәжбүр болды. Соған қарамастан, қазақстандықтар маңызды ұпайға қол жеткізді.
Дания құрамасы да алғашқы ойында Чехиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Айта кетейік, іріктеу форматына сәйкес, финалдық кезеңге тек топ жеңімпазы ғана жолдама алады. Сондықтан әр матчтың маңызы өте жоғары.
Жалпы, Қазақстан құрамасы топтағы соңғы матчын 31 наурыз күні Чехияға қарсы өткізеді.