"Ордабасыда" ауыс-түйіс: Мақсат Тұмалиев басшылық қызметке келді
Шымкент клубында кадрлық өзгеріс: екі функционер орын алмастырды
Offside.kz
Шымкенттік "Ордабасыда" ауыс-түйіс. Клубтың футбол орталығын енді тәжірибелі функционер Мақсат Тұмалиев басқарады. Бұл туралы Aman vibe хабарлады.
"Кеше отандық функционер Мақсат Тұмалиев "Ордабасы" клубында жаңа қызметке тағайындалды. Менің мәліметім бойынша, ол клубтың футбол орталығының директоры қызметін атқарады", - делінген хабарламада.
Дереккөздердің мәліметінше, бұған дейін "Атырау" мен "Ақтөбе" клубтарында басшылық қызмет атқарған Мақсат Тұмалиев Айбек Тілеужанды алмастырады. Ал Тілеужан өз кезегінде "Атырау" клубына ауысып, бас директор лауазымында қызмет етпек.
"Ордабасының" қазіргі жағдайы
Қазақстан Премьер-лигасының жеті турынан кейін шымкенттік клуб:
- 15 ұпай жинады
- турнир кестесінде 2-орында тұр
- "Қайраттан" ғана қалып келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet