ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Қайрат" Астанада жеңіске жетіп, ҚПЛ көшінде ұзап кетті

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында алматылық "Қайрат" маңызды жеңіске жетті.

"Қайрат" Астанада жеңіске жетіп, ҚПЛ көшінде ұзап кетті
instagram/@f.c.kairat

"Қайрат" екінші таймда басымдықты арттырды

Алматылықтар бірінші таймда допқа көбірек иелік еткенімен үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Матч тағдыры екінші таймда шешілді. 52-минутта Ойва Юккола қақпашы Максим Плотниковпен жеке-дара шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді.

65-минутта Жоржиньо алматылықтардың басымдығын еселелі. Ойын соңында алаң иелері Александр Широбоковтың арқасында есеп айырмасын қысқартты. Бұл эпизод автогол ретінде тіркелді.

Турнир кестесідегі жағдай

Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 25 ұпаймен ҚПЛ кестесінде бірінші орында қалды. Алматылық команда ізкесушілерден алты ұпайға ұзап кетті.

Ал "Жеңіс" 13 ұпаймен кестенің орта тұсында орналасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.