Айбол Әбікеннің жылдам дублі "Қайсарға" жеңіс әкелді

Футбол шолушысы

Қызылордалық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында Қостанайдың "Тобылын" қабылдады.

Айбол Әбікеннің жылдам дублі "Қайсарға" жеңіс әкелді
instagram/@fckaysar_official

Алаң иелері матчты өте қарқынды бастады

Кездесудің тағдыры алғашқы минуттарда-ақ шешіле бастады. "Қайсардың" жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен ойынның басында бірден көзге түсіп, Сұлтан Бұсұрмановты екі рет қапы қалдырды.

Әбікен алдымен 2-минутта есеп ашса, араға бірнеше минут салып дубль авторы атанды. Ерте жіберілген екі голдан кейін қонақтар тізгінді қолға алуға тырысты. Бірінші таймның 30-минутында Жасұлан Жұмашев есеп айырмасын қысқартты.

"Тобыл" екінші таймда басым болды

Үзілістен кейін Мирослав Ромащенконың шәкірттері көбірек шабуыл жасап, допқа иелік ету жағынан айқын басымдық көрсетті. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен бұл қысым нәтижеге айналған жоқ.

"Дала қасқырлары" соңғы минуттарға дейін есепті сақтап, жанкүйерлер алдында маңызды үш ұпайға ие болды.

Бұл жеңістен кейін "Қайсар" 9 ұпай жинап, төменгі аймақтан шықты. Ал "Тобыл" 8 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды.