ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан соккадан Еуро-2026 финалында Испанияға соңғы минуттарда есе жіберді (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы Тиранада шағын футболдан Еуро-2026 финалында Испаниядан 1:2 есебімен жеңілді.

Қазақстан соккадан Еуро-2026 финалында Испанияға соңғы минуттарда есе жіберді (ВИДЕО)
instagram/@astfl.kz

Испанияға жол берді

Финалдық бәсеке өте шиеленісті өрбіді. Испания 29-минутта бұрыштама добынан кейін есеп ашты. Бірақ қазақстандықтар тез ес жиып, 35-минутта таразы басын теңестірді. Голды Үсенов соқты.

Матч тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 39-минутта испаниялықтар тағы бір бұрыштамадан кейін гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Осылайша Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан финалға қалай жетті?

Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде өте сенімді өнер көрсетті. 1/8 финалда Германияны 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, ширек финалда Польшадан 1:0 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Венгрияны 2:0 есебімен ұтты.

Испания құрамасы да финалға оңай жеткен жоқ. Олар Италияны буллиттер сериясында жеңді — негізгі уақыт 2:2, буллиттер бойынша 2:0. Кейін Украинамен 1:1 есебімен тең түсіп, тағы да буллиттерде 1:0 нәтижесімен алға шықты. Жартылай финалда Сербияны 1:0 есебімен ұтты.

Сокка дегеніміз не?

Сокка — футболдың 6×6 форматындағы түрі. Ойын 50×30 метрлік алаңда өтеді. Әр матч екі таймнан тұрады, әр тайм 20 минутқа созылады. Команда құрамында бір қақпашы және бес алаң ойыншысы болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.