Matchday: Жасұлан Әмір қайдан шыққан феномен?
Шығарылым қонағы - елордалық клубтың ойыншысы Дінмұхамед Қараманмен.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы биыл ерекше тартысты өтіп жатыр. “Қайрат” пен “Ордабасы” көш бастап келеді. Ал былтыр аутсайдер болған “Оқжетпес” оларды өкшелеп келеді. “Астананың” да чемпиондықтан әлі де үміті бар. Бүгінгі подкастта тұрақты резиденттер елордалық клубтың ойыншысы Дінмұхамед Қараманмен 11-тур ойындарына талдау жасады.
Матч нәтижелерінен бөлек көзге ерекше түсіп жүрген ойыншылар туралы да әңгіме өрбіді. Әсіресе, “Ордабасы” сапындағы жас форвард Жасұлан Әмірдің феномені туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, “Оле Бразил” жобасы аясында футбол ойнауды үйренген түлектер туралы сөз болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet