ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Әліп, Самородов және Сәтпаев: Талғат Байсуфинов нақты тізімді жариялады (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан құрамасының Армения және Венгрияға қарсы жолдастық матчтарға арналған соңғы құрамы жарияланды. 

Әліп, Самородов және Сәтпаев: Талғат Байсуфинов нақты тізімді жариялады (ВИДЕО)
instagram/@kff

Тізімде 25 ойыншы бар

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың қорытынды тізімін бекітті.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама алдағы айда сырт алаңда екі жолдастық матч өткізеді. 6 маусымда Армениямен, ал 9 маусымда Венгриямен кездеседі.

Талғат Байсуфинов оқу-жаттығу жиыны мен алдағы ойындарға жалпы 25 ойыншыны шақырды. Құрамға Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылармен қатар, шетел чемпионаттарында ойнап жүрген легионерлер де енді.

Атап айтқанда, Ресейдің "Зенит" клубында ойнайтын Нұралы Әліп, Грозныйдың "Ахмат" командасындағы Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек, сондай-ақ Шотландияның "Хартс" клубындағы Ислам Чесноков ұлттық құрама сапына шақырылды.

Қазақстан құрамасының толық тізімі

Қақпашылар

Қорғаушылар

Жартылай қорғаушылар

Шабуылшылар

  • Дастан Сәтпаев — «Қайрат»
  • Ғалымжан Кенжебек — «Ахмат», Ресей
  • Максим Самородов — «Ахмат», Ресей
  • Ислам Чесноков — «Хартс», Шотландия
  • Роман Мұртазаев — «Елімай»
  • Мағжан Тоқтыбай — «Ордабасы»
  • Мақсат Абраев — «Астана»
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.