"Қайрат" "Бенфика" ойыншысына көз салды

Бокс шолушысы

Алматылық "Қайрат" Лиссабонның "Бенфика" клубының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Томас Крузға қызығушылық танытты.

"Қайрат" "Бенфика" ойыншысына көз салды
instagram.com/tomascruz_26

Томас Круз “Қайрат” пен “Динамоның” бірін таңдайды

Румыниялық клуб бұған дейін “Бенфикамен” Томас Круздың трансферін 450 мың еуроға келісіп қойған. Бірақ футболшының өзі бухаресттік командаға ауысуға әзірге түпкілікті келісім бермеген.

Қазір Круз мансабын “Динамо” немесе “Қайрат” сапында жалғастыру нұсқаларын қарастырып жатыр. Осылайша алматылық клуб люксембургтік ойыншы үшін трансферлік бәсекеге ресми түрде қосылды.

Алматылық команда Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында екінші орында келеді. Сонымен қатар “Қайрат” УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Қазақстан чемпионы бірінші раундта Черногорияның “Сутьеска” клубын екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді.

Еурокубоктағы табысты нәтиже клубтың трансферлік нарықтағы мүмкіндігін арттырып, жаңа футболшыларды тартуына әсер етуі ықтимал.

Томас Круз қандай позицияларда ойнайды?

Томас Круз Порту қаласында дүниеге келген және футболдағы алғашқы қадамын әйгілі “Порту” академиясында өткізген.

Кейін Германияның “Ганновер” клубының жүйесінде ойнап, содан соң “Бенфикаға” ауысты. Круз орталық жартылай қорғаушы, тірек аймағының ойыншысы және шабуылға бағытталған жартылай қорғаушы позицияларында өнер көрсете алады.

Круз халықаралық деңгейде Люксембург құрамасының намысын қорғайды. Ол 2024 жылдың қазан айында Беларуське қарсы кездесуде ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчын өткізді.

Transfermarkt порталының бағалауынша, футболшының нарықтық құны 450 мың еуроға тең.