Бүгін "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы тағдыры шешіледі
29 шілде күні қазақстандық футбол жанкүйерлерін еурокубоктағы маңызды ойын күтіп тұр. Алматының "Қайраты" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта кипрлік "Омонияны" қабылдайды.
Бүгін Қазақстан футболында маңызды күн. Алматыда "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында кипрлік "Омониямен" шеберлік байқасады.
"Қайрат" — "Омония" матчы сағат 20:00-де басталады
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу 20:00-де басталады.
Алматыдағы қарымта матчта "Қайратқа" келесі кезеңге өту мүмкіндігін сақтау үшін міндетті түрде есепті теңестіру қажет.
Егер алматылықтар негізгі уақытта бір доп айырмасымен жеңсе, ойын қосымша уақытқа созылады. Ал ірі есеппен жеңіс "Қайратқа" келесі кезеңге жолдама береді.
Бір айта кетерлігі, "Омонияға" қарсы ойында "Қайратқа" шабуылдағы көшбасшыларының бірі Жоржиньо көмектесе алмайды. Бұл туралы бұған дейін команданың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин мәлімдеді.
Бірінші ойында кипрлік клуб жеңді
Қос команда арасындағы алғашқы кездесу Кипрде өткен еді. Ол ойында "Омония" 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Никосия клубына жеңіс әкелген голды Панайотис Андреу соқты. Ол "Қайрат" футболшысы Әділет Сәдібековтің өз айып алаңында пас беру кезінде жіберген қателігін пайдаланып кеткен.
"Қайрат" бірінші раундта "Сутьесканы" жеңді
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне дейін "Қайрат" Черногорияның "Сутьеска" клубымен кездесті.
Алматылық команда екі матчтың қорытындысы бойынша қарсыласын 4:1 есебімен сенімді жеңіп, келесі кезеңге шықты.