ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

"Ордабасы" Жасұлан Әмірге қатысты күтпеген шешім қабылдады

Шымкенттік клубтың президенті Дархан Қызайбаев команданың 19 жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірдің болашағына қатысты жоспарын бөлісті.

"Ордабасы" Жасұлан Әмірге қатысты күтпеген шешім қабылдады
ASnews.kz

"Басты мақсат – Жасұланның дамуына жағдай жасау" 

Дархан Қызайбаевтың айтуынша, қазір "Ордабасы" басшылығы Жасұлан Әмірдің футболшы ретінде ғана емес, жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.

"Қазір біздің негізгі назарымыз Жасұланның дамуына бағытталған. Ол жылдан-жылға өсіп келеді. Сондықтан осы бағытынан таймай, әрі қарай ілгерілеуіне барынша жағдай жасауға тырысамыз.

Мысалы қазір ағылшын тілін меңгеруіне көңіл бөліп жатырмыз. Сонымен қатар білім алу, тәртіп, дұрыс тамақтану және футболдық интеллектіні жетілдіру мәселелерін де назардан тыс қалдырмаймыз", – деді клуб басшысы журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында.

АПЛ, Испания немесе Германия

"Ордабасы" президенті болашақта қазақстандық футболшының Еуропаның жетекші чемпионаттарының бірінде өнер көрсеткенін қалайтынын жасырмады.

"Болашақта Жасұлан Әмірді Англия Премьер-лигасында, Испанияда немесе Германия чемпионатында көргіміз келеді. Бұл – біздің арманымыз әрі мақсатымыз.

Бұйырса, биыл Жасұлан ешқайда кетпейді. "Ордабасы" және Жасұлан Әмір болып алдымызға қойған үлкен мақсаттарға бірге жетуіміз керек", – деді Дархан Қызайбаев.

19 жастағы жартылай қорғаушы биыл Қазақстан Премьер-лигасында ерекше көзге түсіп, маусымның басты жаңалықтарының біріне айналды.

Жасұлан Әмір осы уақытқа дейін "Ордабасы" сапында барлық турнирде 27 матч өткізіп, 10 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Ұлттық құрамадағы алғашқы матч

Жасұлан Әмір Қазақстан құрамасы сапындағы дебютін 2026 жылғы 6 маусымда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

1:1 есебімен аяқталған ойында жас жартылай қорғаушы негізгі құрамда алаңға шығып, 49-минутта Максим Самородовқа нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.