ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Тараз" соңғы минутта жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстан Бірінші лигасының 22-турында "Тараз" өз алаңында Алматының "Хан-Тәңірі" командасымен 3:3 есебімен тең түсті.

"Тараз" соңғы минутта жеңісті уысынан шығарып алды
instagram.com/official_fctaraz/

"Хан-Тәңірі" бірінші таймда екі рет алға шықты

Кездесудің 9-минутында алматылықтардың футболшысы Рустам Эмиров есеп ашты. Бірақ "Тараз" көп күттірмей таразы басын теңестірді. 25-минутта Санжар Кемелбек мергендігімен көзге түсті. 

Бірінші тайм аяқталар тұста қонақтар тағы да алға шықты. Рауан Сәрсенбек "Хан-Тәңірінің" екінші голын соқты.

"Тараз" камбэк жасап, жеңіске жақындады

Үзілістен кейін жамбылдықтар ойынды белсенді бастады. 60-минутта Диас Лесбек есепті қайта теңестіріп, алаң иелеріне үміт сыйлады.

Ал матчтың негізгі уақыты аяқталуға жақындағанда "Тараз" тіпті алға шықты. 89-минутта Жасұлан Молдақараев гол соқты. Бірақ алаң иелері жеңісті есепті сақтап қала алмады. Қосымша уақыттың 93-минутында Асхат Тұрғынбаев "Хан-Тәңіріне" маңызды гол сыйлап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 3:3.

Осылайша "Тараз" соңғы сәтте үш ұпайдан қағылып, бір ұпаймен шектелді.

Бұл матчтан кейін "Тараз" 29 ұпаймен жетінші орында тұр. Ал "Хан-Тәңірі" 25 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы сатыға жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?