"Ақтөбе" "Аяксты" жеңгенімен, УЕФА Еуропа кубогынан шығып қалды
"Ақтөбе" әйелдер футбол командасы УЕФА Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта "Аяксты" 1:0 есебімен жеңді.
Ақтөбеде өткен кездесудің тағдырын жалғыз гол шешті. Матчтың 83-минутында Морган Рис мергендігімен көзге түсіп, алаң иелеріне жеңіс әкелді.
Осылайша қазақстандық команда өз алаңында Амстердам клубынан басым түсті.
Командалардың алғашқы кездесуі 23 қыркүйекте Нидерландта өтіп, "Аякс" 8:0 есебімен жеңген еді.
Екі матчтың қорытындысында 8:1 есебімен басымдық танытқан "Аякс" келесі кезеңге жолдама алды. Ал "Ақтөбе" әйелдер командасы УЕФА Еуропа кубогындағы жорығын аяқтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?