Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан U-19 құрамасы Польшаның қарқынына төтеп бере алмады

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Словакиядағы Youth Nations Cup халықаралық турнирінде Польшаға есе жіберді.

Қазақстан U-19 құрамасы Польшаның қарқынына төтеп бере алмады
instagram/@kff_jastar

Польша жауапсыз үш гол соқты

Польша жастары кездесудің 22-минутында есеп ашты. Екінші таймда қарсылас тағы екі рет – 50 және 64-минуттарда гол соғып, басымдығын арттырды.

Қазақстандық футболшылар жауап қайтара алмады. Осылайша матч 3:0 есебімен Польша құрамасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының бастапқы құрамы

Тимур Қасымов баптайтын команда алаңға мына құраммен шықты:

Буч, Артұрұлы, Азатқазы, Мамедов, Нұрболат, Ысмағұлов, Малаев, Қалиқұлов, Керімхан, Смақов, Жылқайдар.

Бұған дейін Қазақстан U-19 құрамасы турнирде екі кездесу өткізген. Алғашқы ойында Словакиямен 1:1 есебімен тең түссе, кейін Швейцариядан 1:2 есебімен жеңілді.

Польшамен матчтан кейін қазақстандық жастардың еншісінде бір тең ойын және екі жеңіліс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19