Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында жолдастық матч өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының қараша айындағы шешуші ойындарына дайындық аясында жолдастық кездесу өткізеді. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында жолдастық матч өткізеді
Instagram/@kff_team

Түркістанда жаттығу жиынын өткізеді

Спорт инсайдері Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Джон ван ’т Шкип жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы 5 қарашада Түркістанда бас қосады. Футболшылар осы күннен бастап Ұлттар лигасындағы алдағы кездесулерге дайындықты бастайды.

Ал 8 қарашада негізгі құрам Қазақстан жастар құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Кездесу жабық форматта, яғни көрермендердің қатысуынсыз ұйымдастырылады.

Владимир Чебурин жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы өз кезегінде оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізеді.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі

Қазақстан құрамасы қараша айында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі кездесуін өткізеді.

Алдағы матчтардың күнтізбесі:

13 қараша: Молдова – Қазақстан. Бесінші турдағы кездесу Кишинев қаласында өтеді.

16 қараша: Қазақстан – Словакия. Алтыншы турдағы матч Астанадағы "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21