"Ордабасы" ірі трансфер жасады
Шымкенттік "Ордабасы" 28 жастағы украиналық вингер Алексей Гуцулякпен екі жылдық келісімшарт жасасты.
Гуцуляк қандай клубтарда ойнаған?
Клубтың баспасөз қызметі Украина құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімге келгенін мәлімдеді.
Алексей Гуцуляк – "Карпаты" футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында Украинаның "Карпаты", "Десна", "Днепр-1" және "Полесье" командаларында өнер көрсеткен. Сонымен бірег 2016 жылы испаниялық "Вильярреал" сапында болған.
Оның Қазақстан Премьер-лигасына ауысқанға дейінгі соңғы командасы – Житомирдің "Полесье" клубы. Футболшы бұл ұжымда 2024 жылдың жазынан бері ойнаған.
Украина чемпионатында 52 гол соққан
"Ордабасы" жариялаған дерекке сәйкес, Гуцуляк Украина Премьер-лигасында 226 матч өткізіп, 52 гол соққан және 32 нәтижелі пас берген.
Жалпы кәсіби деңгейдегі көрсеткіші:
- 280 матч;
- 56 гол;
- 36 нәтижелі пас.
Ұлттық құрамадағы нәтижесі
Гуцуляк Украина құрамасында 2024 жылы дебют жасаған. Содан бері ұлттық команда жейдесімен 16 кездесуге қатысып, алты гол соққан.
Жаңа ойыншының негізгі позициясы – шабуылдың оң қапталы. Бойы – 187 сантиметр, туған күні – 1997 жыл 25 желтоқсан.
Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын үш миллион еуроға бағалап отыр. Бұл – ойыншының бағалау құны, ал "Ордабасыға" ауысу сомасы берілген хабарламада көрсетілмеген.