Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Индзаги — «Юнайтедтің» бас бапкері атануға негізгі үміткер

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 21:04

«Қызыл сойқандар» клубының басшылығы италиялық маманды Эрик Тен Хагтың орнын басатын басты үміткер ретінде қарастырып отыр.

regista.one
regista.one

«Қызыл сойқандар» клубының басшылығы италиялық маманды Эрик Тен Хагтың орнын басатын басты үміткер ретінде қарастырып отыр.

«Манчестер Юнайтед» командасы «Тоттенхэмнен» 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін  «Юнайтедтің» бас бапкері Тен Хаг тағы да сарапшылар мен жанкүйерлердің қатаң сынына ұшырады. Көбі бас бапкердің басына қалың бұл үйірілгенін айтып, клубтан көп ұзамай кететінін мәлімдеуде. 

Daily Star басылымының эксклюзивті мәліметіне сәйкес, «Юнайтед» иелерінің бірі сэр Джим Рэтклифф Тен Хагпен қош айтысуға шешім қабылдаса, Саутгейт пен Индзагидің арасынан таңдау жасайды. 

Себебі «Юнайтед» басшылығы Индзагидің «Интерде» бас бапкер ретінде жеткен жетістіктерінен үлкен әсерде қалған. Симоне 2021 жылдан бері бес трофей жеңіп үлгерді. Сонымен бірге командасын Чемпиондар лигасының финалына шығарды. 

Дегенмен, Индзаги биыл ғана «Интермен» жаңа келісімшартқа отырды. Сондықтан 48 жастағы маманды Манчестер көшуге көндіру өте қиын болады дейді мамандар. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір