Бұл туралы ҚФФ ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Константин Горовенко Испания мен Шотландияға қарсы өтетін Еуро-2025 іріктеу матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Қазан айында Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының 2025 жылғы іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Біздің футболшылар "В" тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия және Мальта құрамаларымен кездеседі.
Алғашқы ойын 10-ші қазанда Испанияның U-21 құрамасына қарсы өтеді. Ал 15-ші қазанда Алматы қаласындағы "Орталық" стадионда Шотландиямен доп тебеді.
Жаттығу жиыны 5 қазанда басталады. Құрама сапына бас-аяғы 27 футболшы шақырылған.
Қазақстан U-21 жастар құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Санжар Ерниязы («Жетісу»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);
Қорғаушылар: Жандос Өмірзақов, Асылбек Асан (екеуі де – «Тараз»), Александр Широбоков («Славия-Мозырь», Беларусь), Сұлтан Асқаров, Дамир Қасабулат, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Мейрамбек Қалмырза, Егор Ткаченко (екеуі де – «Жетісу»), Михаил Асқаров («Сморгонь», Беларусь);
Жартылай қорғаушылар: Ринат Серіккүл («Жетісай»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Әлен Айманов («Каспий»), Олжас Байбек («Қайрат Жастар»), Александр Мрынский («Қайрат»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);
Шабуылшылар: Айбар Абдулла («Шахтер»), Иван Свиридов («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр), Супьян Масұдов («Алтай»), Ян Труфанов («Жеңіс»), Данил Анкудинов («Менсахеро», Испания), Артем Литош («Түркістан»), Мұхаммед Енсебаев («Вальядолид Б», Испания).