«Ювентус» ойыншысы командаға келесі жылы қосылуы мүмкін.
«Ювентус» ойыншысы Поль Погба командаға келесі жылы қсылуы мүмкін. Оның допинг дауына байланысты футболдан 4 жыл мерзімге шеттетілуі 18 айға дейін қысқартылды. Соның арқасында француз футболшысы қаңтар айынан бастап жаттығуларын қайта бастай алады.
Десе де, әзірге оның «Ювентус» құрамына қайта қосылуы расталған жоқ. 2024 жылдың тамыз айында оның 10-нөмірлі жейдесі Түркия құрамасының ойыншысы Кенан Йылдызға берілген болатын. Погбаның «Ювентуспен» келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталады.
Погба соңғы рет 2023 жылдың 3 қыркүйегінде «Эмполиға» қарсы ойын өткізді. Дисквалификация мерзімінің қысқарғанын естіген Погба "қорқынышты түсінің" аяқталғанын айтып, алаңға қайта оралуға асықекенін жеткізді. Айта кетейін. оның дисквалификацияда жүргегіне 13 ай болды.