Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Оқиға өткен маусымда сәуір айында болған еді. Сол кезде “Форест” клубы “Эвертоннан” 2:0 есебімен жеңілген болатын.
“Ноттингем Форест” VAR төрешісі Стюарт Аттуэллді сынағаны үшін 750,000 фунт көлемінде айыппұл төлейді.
Бұл оқиға өткен маусымда, сәуір айында болды. Премьер-лига аясындағв матчта “Форест” Премьер-лигада “Эвертоннан” 2:0 есебімен жеңілген еді. “Орманшылар” сол кездесуде үш пенальти алуы керек болды деп есептейді.
“Үш өте нашар шешім — тағайындалмаған үш пенальти, және біз бұған келісе алмаймыз”.
“Біз матч алдында төрешілер корпусын VAR төрешісі “Лутон” жанкүйері екенін ескерттік. Бірақ олар оны алмастырмады. Біздің шыдамымыз көп рет сыналды. “Форест” бар ықпал ету мүмкіндіктерін қарастырады”, — деп жазды сол кезде “орманшылардың” ресми X аккаунты.
Мұндай мәлімдеме Футбол қауымдастығы (FA) тарапынан төрешінің бейтараптығына күмән келтіру әрекеті ретінде қабылданды. Тәуелсіз комиссия Қауымдастықтың айыптауларын негізді деп тапты, осылайша “Форест” 750,000 фунт айыппұлға тартылды деп хабарлайды The Guardian.