ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ұлттар Лигасы: Қазақстан тағы да жеңілді (ВИДЕО)

Бүгін Ұлттық құрама өз алаңында Словениямен кездескен болатын. 

Ұлттар Лигасы: Қазақстан тағы да жеңілді (ВИДЕО)
Kazlenta.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы кездесуде тағы да жеңілді. Бұл жолы біздің жігіттер Словения құрамасына есе жіберді. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Ян Млакар (55-ші минут). 

Черчесов шәкірттері кездесуді өте ширақ бастап, Ян Облак қақпасын бірнеше мәрте нысанаға алған болатын. Алайда қазақстандық футболшылар гол соға алмады. 

Үзілістен кейін Словения жігіттері өздерінің тәжірибе жағынан бір бас жоғары екенігін көрсетіп, 0:1 есебімен матчты өз пайдаларына шешті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 4 матч өткізіп, үшеуінде жеңіліп қалды. Тек Норвегиямен тең тарқасты. Десе де, кездесулердің ешқайсысында қарсыласқа гол соға алмады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.