Нұралы Әліп Ресейде символикалық құрамға енді
Қазақстандық футболшыға өте сенімді ойнады деген баға берілді.
Ресейлік «Советский Спорт» сайты қазақстандық қорғаушы, «Зенит» ойыншысы Нұралы Әліпті Премьер-лиганың 13-тур қорытындысы бойынша символикалық құрамға енгізді.
«Локомотивтің» жауапты голы орталық аймақтан соғылғанына қарамастан, қазақстандық футболшы бұған кінәлі емес. Әліп төменде де, жоғарыда да сенімді ойнап, Алексей Батраковтың қауіпті пас беру әрекеттерінен қақпаны қорғап қалды», – деп жазады сайт.
Айта кетейік, Премьер-лиганың 13-турындағы «Зенит» пен «Локомотив» арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.