Футболшы матч кезінде найғазайдан көз жұмды (ВИДЕО)
Тағы бірнеше ойыншы жарақат алған.
Перуде футболшыға алаң үстінде жай түсіп, көз жұмды. Қайғылы сәт бейнетаспаға түсіп қалған. Кадрда 39 жастағы ойыншының қалай құлағаны көрінеді. Ойынның екінші таймы басталар алдында жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.
Мерт болған футболшыдан бөлек, тағы бірнеше спортшы жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуі ауыр халде жатыр. Денесінің біраз бөлігін күйік шалған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.