Ойыншының әрекеті тергеліп жатыр.
«Ювентус», «Бавария», «Барселона» және «Интер» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы, екі дүркін Америка Кубогінің иегері Артуро Видаль Чилиде сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды. Футболшының әрекеті қазір тергеліп жатыр.
TVN басылымының хабарлауынша, прокуратура сексуалдық зорлық-зомбылық туралы арыз түскеннен кейін тиісті тергеу жұмыстарын бастаған.
Арыз 37 жастағы Видальдан бөлек, «Коло-Коло» клубының басқа да ойыншыларының үстіне түскен.
Қолда бар мәлімет бойынша, оқиға Чили астанасы Сантьягодағы коммуналардың біріндегі барда болған. Зардап шеккен болуы мүмкін әйелдің айтуынша, оған есірткі беріп, зәбір көрсеткен.
Қазір Видальдың тергеу жұмыстары аясында полиция бөліміне жеткізілгені айтылады. Әзірге ешкім қамауға алынбаған.