Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зидан арманындағы команда үшін "Реалдан" бас тартты

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 11:47

Жуырда ғана "Зизуға" Карло Анчелоттиді алмастыру туралы ұсыныс түскен болатын. 

Sportburo.kz
Sportburo.kz

Француз футболының аңызы, мадридтік "Реалдың" бұрынғы бапкері Зинедин Зидан бапкерлік қызметке қайта оралуы мүмкін. Todofichajes мәліметі бойынша, "Зизу" көптен бері Франция ұлттық құрамасын тізгіндеуді армандайды.

Дидье Дешамның отставкасына қатысты қауесеттерге байланысты ұлттық құрама  ойыншылары Зиданның лайықты үміткер екенін басшылыққа жеткізген. 

Осы тұста бір айта кетерлігі, Зидан жуырда ғана Карло Анчелоттиді алмастыру туралы ұсыныстан бас тартты.  

Дешамға қысым артып келеді. Осы ретте құраманың ойыншыларының қолдауы Франция футбол федерациясының шешіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Десе де әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 

Айта кетейік, Зидан футбол әлеміндегі ең беделді әрі танымал тұлғалардың бірі. Ойыншы ретінде 1998 жылы Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Оның жетекшілігімен "Реал" екі рет Ла Лиганы жеңіп алып, екі рет Испания Суперкубогын ұтты. Үш рет қатарынан Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 9
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір