Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бүгін Венадан келген тарландар тамырымызды басып, тас-талқан етті.
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Алматының «Орталық стадионында» Аустрияны қабылдады.
Бірақ Ұлттар лигасындағы бесінші ойын басталмай жатып, біткендей болды. Матчтың 15-минутында Қазақстан құрамасы гол жіберіп, «нокдаун» алды. Гол авторы – Кристоф Баумгартнер. Көп ұзамай қорғаушымыз қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Александр Марочкиннің қателігінен Михаэль Григорич стандарттан гол соғып, есепті еселеді - 0:2.
Матч осы тұстан аяқталды. Ұлттық құрама ойыншылары тізгінді өз қолдарына алып, шабуылдауға тырысқанымен, қарсыластың қақпасына қауіп төндіре алмады. 90 минутта жасалған 6 соққының тек біреуі ғана қақпаға дәл бағытталды. Допқа иелік ету көрсеткіші де нашар – небәрі 38 пайыз.
Осылайша 0:2 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы екінші мәрте Аустриядан айласын асыра алмады. Бір ай бұрын Черчесов шәкірттері дәл осы ұжымнан 4:0 есебімен ойсырай жеңілген болатын.
Енді Қазақстан құрамасы 17 қарашада Норвегияға қонаққа барады.