Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Магомед Адиев Черчесовтың жұмысына баға берді

Сарапшы, спорт журналисі
15.11.2024, 20:58

Сонымен қатар, командадағы өзгерістер туралы сөз қозғады. 

Магомед Адиев Черчесовтың жұмысына баға берді
kff.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Sport-express.ru берген сұхбатында Станислав Черчесовтың тұсындағы ұлттық құраманың нәтижелеріне қатысты пікірімен бөлісті. 
Адиевтың айтуынша, қазір команда өзгерістер мен бейімделудің маңызды кезеңінен өтіп жатыр. Сонымен қатар, ойын үлгісі мен футболшыларды таңдауда өзгеріс байқалатынын да атап өтті. Оның пікірінше, Ұлттар Лигасы маңызды турнирлерге дайындық кезеңі ретінде қарастырылуы керек. 

"Қазақстан құрамасында өзгерістер болып жатқаны анық. Команда ойын үлгісін өзгертуде. Басқа футболшыларды шақыруда. Қайта құру процесі жүріп жатыр. Қазіргі нәтиже жанкүйерлерге де, жаттықтырушылар штабына да ұнап жатпағаны анық. Бірақ мен де Ұлттар лигасын әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындық ретінде қарастырар едім. Команданы қайта құру керек болды. Ұлттық құраманы Ұлттар лигасы арқылы іріктеуге дайындау керек", – деді Адиев. 

Естеріңізге сала кетейік, Черчесовтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы соңғы бес матчта бірде-бір гол соға алмады.  

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір