Сайлау желтоқсанның жиырмасында өтеді.
Қазақстандық бапкер әрі сарапшы Алмас Құлшынбаев Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне басты үміткерлерді атады. Бұл туралы ол Meta-ratings.kz берген сұхбатында айтты.
"Жақында Тілекбек Ақпаевтың өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін екенін естідім. Ол ҚФФ президенттігіне жақсы үміткер. Бұған дейін федерацияда қызмет еткен. Ел футболын жақсы біледі. Бұдан бөлек, Тимур Турлов ен Берік Қаниев бар. Бұл кісілер ауқатты, Forbes тізіміне кіреді. Олар ақша үшін емес, футбол үшін, жақсы нәтиже үшін жұмыс істейді деп ойлаймын. Турлов өз қаржысын құю арқылы QJ League көтерді. Және одан табыс көрген жоқ. Қаниев "Жас қыран" мектебін құрды. Өткен сайлауда өз кандидатурасын ұсынған болатын. Менің ойымша, осы үш адам - нағыз үміткер. Біздің футболдың дамуына үлес қосады. Алдағы сайлауда үшеуінің біреуі жеңіске жетеді”, – деді Алмас Құлшынбаев.
Айта кетейік, ҚФФ бұрынғы президенті Әділет Барменқұлов қарашада өз еркімен қызметінен кеткен болатын.