Бахтиер «Бешикташтан» кете ме? Станимир Стоилов жауап берді

Редактор Penalty.kz
26.11.2024, 18:10

Осы маусымда отандасымыз Түркияның Суперлигасында небәрі 5 минутқа ойнады.

Бахтиер «Бешикташтан» кете ме? Станимир Стоилов жауап берді
vesti.kz

«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері  Станимир Стоилов жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташтан» кетуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол Meta-ratings.kz берген сұхбатында айтты. 

«Бешикташқа» қарсы матч алдында Зейнутдинов екеуміз кездесіп қалып, жақсылап сөйлестік. «Бешикташтан» кетеді деген қауесет жайлы ештеңе айта алмаймын. Оны клубтан сұрау керек. «Гезтепеге» ауысуына қатысты айтар болсам, бізде легионерге орын жоқ. Келісімшарты бар қазастандықтар легионер саналмайды, бірақ басқа клубқа ауысарда олар шетелдіктерге теңестіріледі. 

Бахтиер «Бешикташтағы» орны үшін таласуы қажет. Ол - сапалы ойыншы. Иә, қазір қиын кезеңді өткеріп жатыр, дегенмен бәрі де өзгеруі мүмкін. Баха құрама сапында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Басқа командаларда да дәл солай болды. Бұл еш қиындық тудырмауы керек», - деді Стоилов.

Айта кетейік, осы маусымда Бахтиер Зайнутдинов Түркияның Суперлигасында небәрі 5 минутқа ойнады. Өткен демалыс күндері отандасымыздың командасы Стоилов баптайтын «Гезтепеден» 2:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір