ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Әлемдік рекорд: Роналду 915 гол соқты

«Дамакқа» қарсы ойында португалиялық ойыншы дубль жасады. 

Әлемдік рекорд: Роналду 915 гол соқты
runasport.com

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 12-турында командасына жеңіс әкелді.

«Әл-Наср» клубы «Дамакпен» ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голдың да авторы Роналду. Португалиялық футболшы әуелі бірінші голын 17-минутта пенальтиден соқса, 79-шы минутта есепті еселеді. 
Осылайша, Криштиану Роналду өзінің әлемдік рекордын жақсартты – қазір португалдық шабуылшының кәсіби мансабында соққан 915 голы бар.

Айта кетейік, осы жеңістің арқасында «Әл-Наср» 25 ұпай жинады. Қазір аталған клуб турнирлік кестеде үшінші орында. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.