ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Нойер мансабында алғаш рет қызыл қағаз алды

Ол Германия кубогы аясындағы "Байерге" қарсы ойында алаңнан қуылды. 

Нойер мансабында алғаш рет қызыл қағаз алды
news.sportbox.ru

Мюнхендік "Бавария" клубының қақпашысы Мануэль Нойер мансабында алғаш рет қызыл қағаз алды. Танымал қақпашы бұған дейін сары қағаздар санына байланысты да ойыннан шеттетілмеген. 800 матчта ереже бұзып, тәртіпсіздігі үшін ауыр жазаланбаған. 

Алайда түнде Германия кубогы жолында "Байерге" қарсы ойын өткізді. Голкипер 17-минутта қызыл қағаз алды. Нәтижесінде мюнхендік команда 0:1 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.