Игорь Шацкий "Шахтерге" оралды
Биыл ол "Ақтөбе" клубының намысын қорғаған еді.
Meta-ratings.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий “Шахтер” командасына оралды.
35-жастағы футболшы Қарағанды футбол мектебінің түлегі саналады. 2007 жылы үлкен спорттағы алғашқы қадамын жергілікті “Шахтер-Юность” командасында бастады.
Кейін “Шахтер” (Қарағанды), “Астана-1964”, “Болат” (Теміртау), “Тобыл” (Қостанай) және “Ақтөбе” клубтарында өнер көрсетті.
2019 жылы еліміздің ұлттық құрамасына шақырту алып, 33 ойын өткізді.
Айта кетейік, “Шахтер” биыл Премьер-лигада сәтсіз өнер көрсетіп, өз тарихында тұңғыш рет бірінші лигаға түсіп қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet