Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Алматыда УЕФА Конференциялар лигасының бесінші турында "Астана" лондонның "Челсиімен" кездесті.
Бірінші таймда төрт гол тіркелді. “Ақсүйектер” ойынның небәрі 39-шы минутында жауапсыз үш доп соқты. Марк Гиу мен Ренату Вейга мергендік танытты.
Үзіліске санаулы минуттар қалғанда астаналықтардың көшбасшысы Марин Томасов қақпашы Филип Йоргенсеннің осал тұсын тапты.
Келесі тур 19 желтоқсанда өтеді. "Астана" сырт алаңда кипрдің АПОЭЛ-імен шеберлік байқасады. Ал "Челси" ирландиялық "Шэмрок Роверс" клубын қабылдайды.
Жаңа форматқа сәйкес әр команда негізгі раундта алты ойыннан өткізеді (үшеуін өз алаңында және үшеуін сырт алаңда). Конференциялар лигасының 1/8 финалына жалпы кестедегі сегіз үздік команда шығады. 9-орыннан 24 орынға табан тіреген ұжымдар 1/8 финалға шығу үшін біліктілік матчтарын өткізеді.